Компания қызметінің негізгі бағыты «GEMERA» сауда белгісінің жарық диодты шамдары мен прожекторларын құрастыру болды, аталған шамдар көшені жарықтандыру, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жарықтандыру үшін пайдаланылады.
Біздің зауыттың өнімділігі жылына 10 мыңнан астам шамды құрайды. Шартсыз кепілдік мерзімі – 5 жыл! Отандық өндіруші сертификаттары және КО сәйкестік сертификаттары, сынақ хаттамалары, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестік туралы сараптама қорытындысы, сонымен қатар, клиенттеріміздің берген оң бағасы мен пікірлері бар. «GEMERA» сауда белгісіне жататын шамдардың таралу географиясы тек Астанамен ғана шектелмей, Қазақстанның барлық аймақтарын да қамтыған!
2 000 астам шам Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласында, 300 шам Астана – Павлодар тас жолы бойында орнатылған, қазіргі уақытта Астана-Қарағанды тас жолы учаскесінде монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы күні сатылған шамдардың жалпы саны 8 000 көше және өнеркәсіптік мақсаттағы шамдар және 300 астам кеңсе шамдарын құраған.